|
25.08.2021 | 22:29
7159

Әйгілі Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела Қазақстанда

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Ндилека Манделаның "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясына арнайы келіп, сұхбат берген

Әйгілі Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела Қазақстанда ашық дереккөзден

Бүгін әйгілі Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела Қазақстанға келді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбук  әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Ндилека Манделаның "Егемен Қазақстан" газетінің  редакциясына арнайы келіп, сұхбат берген.  

«Бүгін әйгілі Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела Егемен Қазақстанның редакциясына арнайы келді. Ндилика ханым өте қарапайым екен, біз көптеген мәселелер бойынша еркін сұхбаттастық. Емен-жарқын әңгімеде қонағымыз көптеген сұрақтарымызға жауап берді. Ндилека Манделамен болған қызықты сұхбатты газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқисыздар», – деп жазады ол.

Ндилека Манделаның Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның үлкен немересі,  филантроп, қайраткер, БҰҰ аясындағы «Мандела сияқты көшбасшылар» атты халықаралық бағдарламаның басшысы.

«Ол адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС), сондай-ақ туберкулезбен күресу бойынша Жаһандық қордың бірқатар бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Әрі  «Reset Global» («Жаһанды қалпына келтіру») атты Ғаламдық ассамблея шеңберіндегі Консультативтік кеңестің Африканың жастары мен Африкадағы денсаулық мәселелері жөніндегі уәкілі», – деді Д. Қыдырәлі. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир