|
19.01.2022 | 08:11
1766

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республика бойынша кей жерлерде желмен бірге бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі

ult.kz

«Қазгидромет» 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерге антициклон жотасы әсер етеді, онымен байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желмен бірге бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с. Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. 

Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстік жартысында желдің күшеюі 15-20 м/с. күтіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир