Күн суытып, нөсер жаңбыр жауады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы

27.06.2023 в 08:14

Ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар ел аумағының басым бөлігінде жаңбырлы және салқын болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінің ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. 

Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі: 

27 маусымда солтүстік-батыста;  27-28 маусымда солтүстікте, шығыста;  29 маусымда еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады. 

Мамандардың болжауынша, Қазақстан бойынша бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, бүкіл республика бойынша салқын ауа райы сақталады.