Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

14.06.2023 в 14:11

Елдің көп бөлігінде өрт қаупі сақталады

Синоптиктер еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы

14-16 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Алматы қ: 14-16 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Қонаев қ: 14-16 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

14 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау қ.: 14 маусымда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

14 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысы

14-16 маусымда Ақмола облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Көкшетау қ.: 14-16 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 14-16 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

14 маусымда Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

14 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Өскемен қ.: 14 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с

Қарағанды облысы

14 маусымда күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

14 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 42 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

14 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Оңтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

14 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда қ.: 14 маусымда күндіз шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

14 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қ.: 14 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан қ.: 14 маусымда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

14 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Семей қ: 14 маусымда солтүстіктен жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

14 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жезқазған қ.: 14 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

14 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.

Жетісу облысы

14 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Талдықорған қ: 14 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз: Абай облысында алдағы күндері жауын-шашын болмайды – синоптиктер