|
15.05.2022 | 11:23
344

Алматыдан 328 км қашықтықта жер сілкінді

Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған

ҚазАқпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 мамыр күні Алматы уақытымен 1 сағат 48 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚазАқпарат мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 328 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,7, магнитудасы – 4,6.

Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Подписывайтесь на наш Telegram, там самая оперативная информация. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Прямой эфир