|
24.06.2022 | 11:32
863

Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады

Қазгидромет 25-27 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжанып отыр.  

Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерінде болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Батыста +25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С.

Подписывайтесь на наш Telegram, там самая оперативная информация. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Прямой эфир