|
13.01.2021 | 23:07
2046

Ауа райы болжамы: синоптиктер алматылықтарға қандай кеңес берді

Алдағы аптада қандай ауа райы күтіліп отыр?

Алматыда қыс бойы жаумаған қар бір күнде түскендей. Біраздан бергі қара суықтан кейін екі тәулік күн жылынып еді, бүгінгі ақұлпа елді әбігерге салғаны анық. Ал, алдағы аптада қандай ауа райы күтіліп отыр? Бұл сұраққа дәл қазір Almaty.tv эфиріне тікелей байланысқа шыққан «ҚАЗГИДРОМЕТ» Алматы қалалық филиалының синоптигі Баян Қанаева жауап береді.

– Баян ханым, қайырлы кеш! Бүгін қар қалың жауды ғой. Алдағы күндері күн райы қалай?

– Кеш жарық! Бүгінгі жауған қардың мөлшері қала бойынша 6 миллиметрді, ал әуежай аймағында 7 миллиметрді құрады. Ал, қар жамылғысының биіктігі 17 сантиметрге жетті. Біздің халыққа беретін ұсынысымыз – осындай қар қалың және қатты жауған күндері таулы аймақтарға бармай, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, барынша мұқият болғаны дұрыс.

– Рахмет. Ал, осыған дейін Алматыда бірнеше күн қара суық болған еді. Аяз қайта түсе ме, әлде жылына ма?

– Иә, бүгінгі күнге дейін салыстырмалы жылылау, жауын-шашынсыз ауа райы байқалған еді. Бүгін түнде қар қалың және нөсерлі түрде жауып бастады. Бірақ бұл бүгінге ғана берілген құбылыс. Яғни, ертең күндізден бастап, біз Алматы облысы және Алматы қаласы аумағында жауын-шашынсыз ашық ауа райын болжап отырмыз. Яғни, ауа температурасы бүгін түнде  7-12, кей жерлерде 12-17 градус аязды құраса, күндіз 2-7, кей жерлерде 10, облыстың солтүстік өңірлерінде 13-18 градус аязға дейін күтіледі. Алдағы күндері, демалыс күндерге дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі байқалады. Яғни, Алматы облысы және Алматы қаласында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы байқалуымен қатар, ауа температурасының көтерілуі байқалады. Ауа температурасы облыс аумағында 5-10, кей жерлерде 13-18 градус аяздан 05-градус аяздан 10 градусқа дейін көтерілсе, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылыдан 4-9 градусқа, кей жерлері 05 градус аязға дейін көтерілмек. Ал, Алматы қаласында ауа температурасы түнде 9-11 градус аяздан 3-5 градус аязға дейін, ал күндіз 3-5 градус аяздан, 5-7 градус жылыға дейін көтерілмек.

– Жақсы, Баян Қабылқызы. Сұхбаттасуға уақыт бөлгеніңізге алғыс білдіреміз. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир