Елордада Іскер әйелдер қауымдастығы Президент Жолдауын талқылады

Кәсіпкер нәзік жандылар мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан саяси реформасын қолдап отыр

Almaty.tv

Елордада Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері Президент Жолдауын талқылады. Кәсіпкер нәзік жандылар мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан саяси реформасын қолдап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың айтуынша, ана мен баланы зорлық-зомбылықтан қорғау, сыртқы және ішкі жағдайларда бизнес өкілдерін демеу секілді маңызды міндеттер дер кезінде көтерілген мәселе. Алдағы уақытта Қазақстанның алға бет алған жаңа бағыты жемісті болуы үшін күш-жігерімізді саламыз деп білек түріп отыр.   

«Қаңтар оқиғасынан кейін еліміз саяси реформаларды күткені рас. Қазір әлемде жағдай тұрақты болмай тұрғанда, біздің халқымызға бірігу керек. Кешегі Президент Жолдауы сенім ұялатты. Әсіресе Ұлттық құрылтай құру туралы үсынысын атап өткім келеді. Ол Үкімет пен халық арасындағы көпір болады. Оның жұмысына қоғамдық ұйымдар атсалысып, мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік туады», - деді жеке кәсіпкер Баян Тойкебаева.

Раушан Қожанова ауыл шаруашылығы саласын қолдауға қатысты айтқан Президенттің пайымды пікірлері өте орынды дейді. Оның айтуынша, әлі де агроөнеркәсіпте қордаланған мәселелер баршылық. Әсіресе кооперативтер құру ісін одан ары жалғастырса, ауылдағы ағайынға қолдау танытса, шаруалардың тасы өрге домалайтынына нық сенімді.  

«Кеше Президенттің Жолдауын тыңдадым. Өзімізге көп үміт артты деп ойлаймын. Өйткені аграрлық секторға қаражат құйылып, көмек көрсетіледі. Мысалы сол салада істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер адалдықпен атқарсын. Біз үлкен аграрлық холдингтерге жатпаймыз, біз қарапайым шаруа қожалықтарына жатамыз. Оларға көп көмек керек. Ауылдағы халыққа, қаражат керек. Банктің несие пайызы төмен болуы керек», - деді жеке кәсіпкер Раушан Қожанова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир