Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

24.11.2022 в 09:50

Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Астанадағы "Қаһарман" тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Бауыржан Момышұлы даңғылы 14 бойынша "Каһарман" тұрғын үйінде өрт орын алған, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақау себеп болған", - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде. Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады.

Астана қаласының ТЖД электр желілерін, розеткаларды ақаусыз күйде ұстауға, желілік сүзгілерді және басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударуды ұсынады. 

"Осыған байланысты, тұрғындарға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саналы жауапкершілік көрсетуді ұсынамыз", - деді ТЖД өкілдері.

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін адамдарды құтқарған өрт сөндірушілердің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалғаны анықталды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Асқар Забикулин көп ұзамай ауруханада жан тапсырды.