|
02.02.2023 | 09:53
519

Семейде көлік шұңқырға аударылып кетті

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

Абай облысы ПД

Семейде шұңқырға түсіп кеткен көлік бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1 ақпанда сағат 16:30 шамасында Қабанбай батыр көшесінде «ВАЗ» көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«ВАЗ» көлік құралының жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 620-бабы бойынша хаттама жасалды.

Бұл әрекет үшін ескерту беріледі немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир