|
19.11.2019 | 12:28
947

Қазақстанға шетелдік азаматтарды заңсыз кіргізіп келгендер ұсталды

Қылмыстық топтың кірісі 1 миллион 300 мың долларды құрайды

Бұл туралы еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді. Комитет мамандары Атырау облысындағы күдікті ұйымға көздері түседі. Әлгі компания басқаларға қарағанда визаларды тым көп мақұлдаған. Тексере келе, кәсіпорынның мекен-жайында жеке үй екен. Онда ешқандай кеңсе анықталмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан кейін жедел тергеу жұмыстары басталады. Атырау облысының тұрғыны 6 жалған компанияның өкілі ретінде 429 шетел азаматына Қазақстанға кіруге рұқсат алумен айналысыпты. Қылмыстық топтың басындағылар елордада болып шықты. Ал басшылары Қытай халық республикасының азаматы және сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері болған. Күдіктілер 2015-2016 жылдары 2000-нан аса шетел азаматтарын елге заңсыз шақыру құжаттарын дайындапты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 48 жалған компанияны анықтаған. Қылмыстық топтың кірісі 1 миллион 300 мың долларды құрайды. Ұстау операциясы күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орындарында жүргізілді. Нәтижесінде, 21 адамды сот кінәлі деп тауып, түрлі жылдарға бас бостандығынан айырды. Қалған күдіктілер халықаралық іздеуге берілген.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

нарушение
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир