|
11.05.2021 | 15:13
2168

Ақмола облысында баланы пойыз қағып кетті

Трагедия 10 мамыр түскі үштер шамасында Ерейментау стансасында болды

Sputnik / Алексей Филиппов

Ақмола облысында Ерейментау стансасында пойыз он жасар ұл баланы қағып кетті. Оқушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Трагедия 10 мамыр түскі үштер шамасында Ерейментау стансасында болды. Мектепке соңғы қоңырау үшін суретке түсуге барған оқушы үйіне қайтып келе жатқан.

Баланың ағасы Батырбек Біләловтің айтуынша, оқушы үйіне темір жол арқылы, тұрғындар күнде жүретін жалғызаяқ сүрлеумен келе жатқан. Ресми өткел 500 метр қашықта, алысырақ орналасқан.

«Қарасу тұрғындары тыйым салынған белгілерге қарамастан жолды төтесінен кесіп жүреді. Бірақ сол маңда өсіп тұрған ағаштардан пойыздарды көру қиын. Оның үстіне сол күні жаңбыр жауып, жел тұрды. Екібастұздан шыққан құрам өткеннен кейін бала қозғала бастаған. Енді пойыз өтпейді деп ойлаған шығар. Оны Ерейментаудан шыққан пойыз қағып кетті»,– деді қаза болған оқушының ағасы.

Батырбек Біләловтың айтуынша, жуырда темір жолда тағы бір қайғылы оқиға болды. Ер адам пойыз астына түсіп, аяғынан айырылған.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде елордадағы немесе Көкшетаудағы сияқты баспалдағы бар биік өткел орнатуды сұрап отыр.

Ерейментау әкімі Төлеутай Мұхамеджанов телефон арқылы берген сұхбатында "билік ҚТЖ-ға әуе өткелін орнату туралы өтінішпен бірнеше мәре ресми сауал жолдағанын" атап өтті.

«Мұндағы халық саны ҚТЖ-ға әуе өткелдерінің құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік бермейді. Қала бойында екі жерде ресми өткел бар. Ол жерге шпалдар қойылған, нұсқаушы тұр»,– деді қала басшысы.

Сонымен қатар ол темір жолда жүру ережелерін еске салды. Рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтуге үзілді-кесілді тыйым салынған. Ал балалардың қасында міндетті түрде ата-анасы немесе ересек туысқаны болуы керек.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир