|
11.05.2021 | 16:10
1377

Көкшетауда көпқабатты үй өртеніп 30 адам эвакуацияланды

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр

ҚазАқпарат

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін 11 мамыр Буденный көшесі 60 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы сағат 04:18 хабарланды. 

«Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Одан 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 6 өрт сөндіру техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04:40 ауыздықталып, 04:48 сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді ведомстводан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Көкшетау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир