Ұлттық ұланның 3 офицері полигонда жарақат алды

30.09.2023 в 16:15

Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды

Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

 - 25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды, – делінген хабарламада.

Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан қаза болғандар: әскери курсант пен пилот