|
28.10.2020 | 16:16
891

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімін шығаратын жасырын цех анықталды

Осындай дайындалған өнімдер Шымкент қаласындағы бірнеше дүкендерге таратылып отырғаны да белгілі болды

Almaty.tv

Шымкентте алкоголь өнімдерін заңсыз дайындап келген астыртын цех анықталды. Бұл туралы еліміздің қаржылық мониторинг комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеріс кезінде 6 мың 671 ыдыс, 18 түрлі алкоголь өнімдерінің аты жазылған қағаздар, 15 тонна спирт және сұйықтықты араластыратын арнайы құрылғы табылды. Сондай-ақ, 500-ден астам қақпақ пен 40 мың тенге көлемінде ақша тәркіленді. Осындай дайындалған өнімдер Шымкент қаласындағы бірнеше дүкендерге таратылып отырғаны да белгілі болды. Аталған факт бойынша күдіктілер анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир