|
17.08.2022 | 16:26
649

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

3 науқас бас-ми жарақатын алып, қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр

polisia.kz

Ақтөбе облысында Газель мен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тoyota Camry» тізгіндеген жүргізуші сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал ауруханаға түскен 10 жастағы бала есін жимастан көз жұмды. Одан өзге 3 науқас бас-ми жарақатын алып, қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жол апаты кеше Ақтөбе-Шұбарқұдық тас жолында болған. Жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан жеңіл көлікке соқтығысқан. Жол ережесін бұзып, жылдамдықты шамадан тыс асырған Газель жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«16-тамыз күні жергілікті уақытпен 16:30-шамасында Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық тас жолы бойының 10 шақырымында Камри автокөлігімен Газел маркалы автокөліктің түйісу салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол жүрген кезде сақ болыңыздар, жылдамдықты асырмай, қарсы жолға шығу бағытынан сақ болуларыңызды сұраймыз», – деді Темір аудандық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Бақтығалиев.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир