|
16.04.2022 | 17:16
5304

Ақтауда әйелдің мәйіті бір жыл бойы пәтерде жатқан

Марқұмның Ақтауда туыстары жоқ, оны ешкім іздеп келмеген

Ақтауда әйелдің мәйіті бір жыл бойы пәтерде жатқан © CC0 / Felix Wolf

Ақтауда бір жыл бұрын қайтыс болған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

Төртінші шағынаудандағы пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Ол шамамен бір жыл жатқан.

Әйелдің көршісі оның көптен бері көрінбей кеткенін байқаған, сондай-ақ пәтерде төленбеген шот көбейген.

"Жел болған кезде иіс сездім, бірақ жертөледен келіп жатқан иіс деп ойладым. Содан кейін ол Covid-19 кезінде қайтыс болуы мүмкін ғой деген ой келді. Оның Ақтауда туыстары жоқ, себебі ешкім оны іздеп келмеді. Мұндай жағдайды БАҚ-тан оқығанмын. Оның пәтерге келетін төлемдерді соңғы рет былтыр наурызда төлегенін білдім. Полиция пәтер есігін ашты, ал ол төсектің үстінде жатыр. Денесі бір жылда шіріп кеткен. Туыстарын әлеуметтік желі арқылы таптық, бүгін жерленді", - деді үй тұрғыны.

Облыстық полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы хабар биыл 15 сәуірде түскенін хабарлады.

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир