|
30.01.2023 | 19:05
672

Қапшағай тас жолында жол апаты болып, ер адам өртеніп кетті

Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv

Алматы мен Қонаев қаласын жалғайтын жолда жантүршігерлік көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы-Өскемен тас жолының 54-шақырымында Mercedes-Benz C-Class пен Ford Mondeo автокөлігі соқтығысып, салдарынан Ford машинасының жүргізушісі мен ішіндегі жолаушысы тірідей жанып кеткен. Ал Merсedes-тің иесі аман, оған жедел медициналық көмек көрсетілді. Жол сақшыларының ақпарынша, апатқа Merсedes көлігінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып, қажетті сараптама жасалады. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Merсedes автомашинасы аса жоғары жылдамдықпен келе жатып, Ford Mondeo автокөлігін артынан соққан. Ол жолдың сыртына шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты. Merсedes машинасының жүргізушісіне  жедел көмек көрсетілді», – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мейрам Әбікеев.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир