|
21.09.2023 | 16:35
4478

«Алматы» телеарнасында «Мұғалім» телесериалы көрерменге жол тартады

Сериалды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:00- де көре аласыздар

«Алматы» телеарнасында «Мұғалім» телесериалы көрерменге жол тартады Almaty.tv

«Алматы» телеарнасында 9 қазаннан бастап «Мұғалім» телесериалы көрерменге жол тартады.

«Мұғалім» сериалы бала кезінен ұстаз болуды армандаған Азаматтың өмірін баяндайды. Ол Алматының беделді университетіне жұмысқа орналасады.

Жас ұстаз студенттердің өмірін  өзгертуге тырысады. Бірақ Азамат шынайы өмірде қиындықпен бетпе-бет келеді. Оның шығармашылық еркіндіктен жұрдай университет басшылығымен қарым-қатынасы қиындай түседі. Басшылық оның мүмкіндігін шектейді және қабілеті мен оқыту тәсіліне күмән келтіреді.

Шығармашылық топтың мақсаты – жоғары білім мен қазақ ғылымын дамыту, мұғалім мамандығының беделін арттыру, сонымен қатар қазақ ғалымдарының ғылыми жетістіктерін халық арасында насихаттау.

10 бөлімнен тұратын сериалды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:00- де көре аласыздар

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир