|
19.01.2021 | 10:49
1115

Қуат Хамитов өзіне тағылған айыпқа байланысты не деді

Қуат Хамитовке қатысты «коронавирустың адамдарға қасақана жұқтырылуын тоқтату үшін тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырды» деген айыппен сот отырысы өтіп жатыр

Фото: ticketon.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов өзіне қатысты сот отырысы өтіп жатқаны туралы хабарламадан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 18 қаңтарда Қуат Хамитовке қатысты «коронавирустың адамдарға қасақана жұқтырылуын тоқтату үшін тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырды» деген айыппен сот отырысы өтіп жатқаны белгілі болған. Егер айып расталса, ол үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Егер күресуге тұрарлық дүние болса, майданда да жалғыз жауынгер», – деп жазды Хамитов Instagram желісінде.

Сот отырысының қорытындысы әзірге жарияланбады. 

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир