|
19.05.2022 | 17:44
847

Алматылықтар Сурдлимпиада-2022 ойындарының жеңімпаздарын қарсы алды

Кайратхан Шонгу 1 жарыста 2 алтын иемденді

Almaty.tv

Қазақстандық сурдлимпиадашылар Бразилияда өткен жаһандық додада 28 медальға қол жеткізіп, тұңғыш рет үздік 13 елдің қатарынан көрінді. Оның ішінде алматылықтардың үлесі басым болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атап айтсақ, жерлесіміз Кайратхан Шонгу 1 жарыста 2 алтын иемденді. Алматы әуежайына жиналған жанкүйерлердің санында шек болмады. Олар спортшыларды тағатсыздана күтіп тұрды. Чемпиондар шыққан бойда қазақы дәстүрге сай шашу шашылып, әндер шырқалды.  

Балуан грек-рим мен еркін күресте қарсыласына дес бермей, биік тұғырдан 2 мәрте көрінді. Ол өзінің жеңісін аты аңызға айналған белгілі спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне арнады. 

«Мен қазақ елі үшін бар күш-жігерімді салып, жарыстан алтын медальмен ораламын деп жоспарлағанмын. Бастысы мақсатыма жетіп, мықтылығымды дәлелдедім. Маған дода соңына дейін жанкүйер болып, қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысым шексіз»,– деді Сурдлимпиада ойынының чемпионы Кайратхан Шонку.

Сурдлимпиада ойынына ел атынан 57 спортшы аттанған еді. Алматыдан 12 атлет барып, соның 11-і медальмен қайтты. Жоспар бойынша қоржынға 9 медаль түседі деп күтілген. Сенімді толығымен ақтаған спортшылар келесі Сурдлимпиада ойынына қатысуға ниетті.  

«Баласы атқа шапса, анасы үйінде тақымын қысады» дейді. Қазақ елі осы спортшыларға жанкүйер болып, әуежайға жиналып, қарсы алды. Қазақ еліне құтты болсын айтамыз»,– деді Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған Алматы спорт клубының директоры Найзабек Сағымбаев.

«Туымызды желбіреткеніне қуанып отырмын. Қуанғанымнан көзімнен жас шықты. Балам әр уақытта еліміздің туын биікке самғатып, желбірете берсін»,– деді қала тұрғыны Құттықыз Әріпова.

Айта кетейік, Қазақстан Сурдлимпиада құрамасы 2017 жылы Түркияда өткен байрақты додада 1 алтын, 1 күміс және 5 қола еншілеп, командалық есепте 25-орынға жайғасқан болатын. Бұл жолғы көрсеткіш бұрынғылармен салыстырғанда едәуір жоғары.


Мерей Қанапиянов, Дидар Исаев, «Алматы» телеарнасы


Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир