|
07.04.2022 | 10:05
4333

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннесс кітабына енді

17 жасында ең жас Әлем чемпионы атанған Бибісараға арнайы сертификатын жолданды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннесс кітабына енді Комитет по делам спорта и физической культуры РК

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің ректордтар кітабына енді. 17 жасында ең жас Әлем чемпионы атанған Бибісараға арнайы сертификатын жолданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) – блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында Блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті", - делінген ресми құжатта.

Еске сала кетсек, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева "блицте" бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанған болатын.

Сондай-ақ, осы чемпионатта жылдам шахматтан (Рапид) 2-орынды иеленді. Шешуші партияларда Бибісара грузиялық тәжірибелі шахматшы - гроссмейстер Нану Дзагнидзені, өз отандасы Әсел Серікбайды жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең ойнады.

Айта кетері, Бибісара Асаубаеваны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдады. Сол жерде жас шахматшы Мемлекет басшысына өз өтінішін айтқан.

Дереккөзі: sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир