|
05.09.2023 | 21:52
2129

Е. Қошанов: «Ұлы дала жорығы» – бұл ұлттың рухын көтеретін ел тарихындағы аламан бәйге

Марафонның жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге

Е. Қошанов: «Ұлы дала жорығы» – бұл ұлттың рухын көтеретін ел тарихындағы аламан бәйге Almaty.tv

Астанадағы «Қазанат» ипподромында республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі аясында қатысушылар мен қонақтар үшін арнайы дайындалған жорықтың тұсаукесері өтт, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның кең даласында Астана-Түркістан бағыты бойынша өтетін «Ұлы дала жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің екінші маусым 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар ауылында бастау алады.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің түрлі өңір өкілдерін біріктіретін аталмыш жоба спорт әлеміндегі ерекше оқиға болмақ.

Шарада барысында сөз алған Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жұртшылықты марафон-бәйгенің басталуымен құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі.

 – Бүгін «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі басталғалы жатыр. Дүбірлі сайыс қасиетті Түркістан қаласында мәресіне жетеді. «Ұлы дала жорығы» – бұл ұлттың рухын көтеретін ел тарихындағы аламан бәйге. Марафон-бәйгенің біз үшін маңызы зор, – деді Ерлан Қошанов.

Бүгін мандаттық комиссияның отырысы өтіп, төрешілер қатысушы командалардың құжатын қабылдады. Сондай-ақ ветеринар мамандар аттарды тексерді. Командалар жорыққа толығымен дайын.

Жол қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады.

Марафон 14 кезеңге бөлінген. Жобаға еліміздің әр өңірінен бір командадан қатысады, барлығы - 20 команда, оның ішінде 5 шабандоз бен 10 тұлпар бар.

Марафонның жалпы жүлде қоры демеушілер есебінен, 65 млн теңгені құрайды. Жеңімпаз команда 30 млн теңге, екінші орын 20 млн теңге, ал қола жүлдегерлерге 15 млн теңге табысталады.

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 2 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда спорттың жаңа түрі пайда болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир