|
19.02.2021 | 10:51
1343

90 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

Қазір 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электронды визалар енгізілді

rbc.ru

2021 жылы азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын елдердің тізімін 90-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрің орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ол ведомство айналысып жатқан тағы бірнеше жобалар жайында айтты. Бірінші - шетелдіктер үшін визасыз кіру (бұл электронды визаны алу процесін жеңілдету үшін қажет). Екіншісі E-Qonaq жүйесімен байланысты жоба, соның арқасында шетелдіктерге тіркелу үшін ауыр процестен өтудің қажеті жоқ.  

«Сондай-ақ, біз қазірдің өзінде пилоттық режимде 160 қонақүйде жүйені енгізуді аяқтадық. Осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік турист бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Шетелдік азамат қонақүйге кірген кезде автоматты түрде өтіп қояды», – деді спикер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Қазір 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электронды визалар енгізілді.

«30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Сондай-ақ, біз шетелдік әуекомпаниялардың еліміздің 11 қаласына ұшып келіп, жолаушыларды алып кетуі үшін оларды іске қосуды бастадық (Open Sky режимі)», – деп еске салды Әбдірахымов.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

шетел Саяхат
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир