|
16.11.2020 | 10:29
584

Гонконгта өрт болып, бірнеше адам қайтыс болды

Полиция өрттің шығу себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр

inform.kz

Гонконгта жексенбі күні тұрғын үйлердің бірі өртеніп, жеті адам мерт болды, 17-сі зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

South China Morning Post басылымының жазуынша, барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Олардың бірқатарына реанимациялық көмек қажет болған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін небәрі жарты сағат ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. 

«Синьхуа» агенттігі өз кезегінде өрттің екі сағат ішінде толықтай сөндірілгендігін хабарлады. 

South China Morning Post газеті мұның соңғы 10 жыл ішінде Қытайдың арнайы әкімшілік аумағында болған ең ірі өрт екендігін атап өтті. 

Полиция өрттің шығу себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир