|
12.12.2019 | 11:30

Жасөспірім ойыннан үзіліс жасауды сұраған әкесін пышақтап өлтірді

Оқиға 7 желтоқсан күні орын алған

Жасөспірім ойыннан үзіліс жасауды сұраған әкесін пышақтап өлтірді stan.kz

Таиландтың Сураттхани қаласында баласы әкесін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz.  

Оқиға 7 желтоқсан күні орын алған. 51 жастағы Ануват Чойбэнгдью есімді ер азамат онлайн ойын ойнап отырған 17 жастағы Панварат есімді баласына сәл уақытқа үзіліс жасауын сұрапты. Алайда бұған ашуланған баласы әкесінің арқасына пышақ сұғып алған.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер өздерінің қансырап жатқан әріптестерін байқаған. Болжам бойынша, баласы әкесіне пышақпен бақшада тап берген. Ер азамат сүйретілген күйі  ас үйге жетіп үлгеріпті.

Өкінішке қарай, көп қан жоғалтқандықтан полиция қызметкері ауруханада қайтыс болады.

Ең сорақысы, баласы үйінен қашып шығып, жергілікті компьютерлік клубқа келген. Артынша ол досымен бірге түк болмағандай ойынын жалғастыра берген.

Жасөспірімнің туыстарының айтуынша, бала күндіз-түні компьютердің алдынан шықпайтын көрінеді. Сол үшін ол тіпті мектептен де қуылған. Дегенмен бұған бозбаланың көңілі қатты түспеген сыңайлы.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, әкесі баласының ойынқұмарлығына наразы болған. Өкініштісі, жеткіншектін онлайн ойындарға тәуелділігі осындай қайғылы жағдайға соқтырған.

Панвараттың өзі болса, тергеу сұрақтарына жауап бермей, басқа біреумен сөйлесуден бас тартыпты.

Bólisý

‡агрузка...

Oqı otyryńyz

486
21.10.2020
470
21.10.2020
832
20.10.2020
664
20.10.2020
Прямой эфир
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!