|
28.10.2020 | 14:41
640

Нигерияда көлік апатынан 13 адам қайтыс болды

Жол апаты Кадуна штатының Джар-мармара кентінің маңында орын алған

Фото: AFP

Нигерияның солтүстігінде болған жол-көлік апатынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нигерияның жол қозғалысы қауіпсіздігі Федералдық корпусының мәліметінше, бағдарлы автобус және төрт көлік соқтығысқан. Көптеген жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. 

Жол апаты Кадуна штатының Джар-мармара кентінің маңында орын алған. 

Алдын ала деректерге қарағанда, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, өзге төрт автомобильмен соқтығысқан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир