|
16.10.2021 | 17:19
1270

Байып кеткенімді түсіндім: ер адам көлігінің арқасында олжаға кенелді

Ол әкесі екеуі күндердің бір күнінде осындай олжа болатынын білгенін айтады

© Sputnik / Владислав Воднев

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны лотереядан джекпот ұтып алды. 48 жастағы Джинеси округінің тұрғыны Гранд-Блан қаласындағы жанармай бекетінде тоқтап, желі шыққан көлік дөңгелегін реттемек болған. Дөңгелекке жел беретін автоматқа салатын ұсақ ақша табылмады. Сондықтан бекеттегі дүкенге кіруге тура келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Дүкенде ер адам екі лотерея билетін сатып алды.

«Көлігіме кіріп лотереядағы жолақты өшірдім. Үш бірдей символ мен сыйлық сомасын көрдім. Байып кеткенімді түсіндім», – деді ол.

Ер адам 500 мың доллар (шамамен 209 млн теңге) ұтқан.

«Әкеммен бірге бірнеше жыл бойы лотерея ойнаймыз. Бір күні джекпот ұтамыз дейтін едік. Сол кезде ойнауды тоқтатамыз деп жоспарладық», – деді байып кеткен америкалық.

Ол ұтқан ақшаны әлі сақтап қоятынын айтты.

Бұған дейін Американың Канзас штаты Олейте қаласында дөңгелек ауыстыруға келген әйел джекпот ұтқаны хабарланған еді. Ол уақыт өткізу үшін бірнеше билет алған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир