|
29.09.2020 | 17:42

Әлемде 1 миллионнан астам адам COVID-19 індетінің құрбаны болды

Вирусты жұқтырғандар саны 33 миллионнан асқан

Әлемде 1 миллионнан астам адам COVID-19 індетінің құрбаны болды Mario Cruz / EPA / TASS

Әлемдегі жалпы ахуалға ойыссақ. Пандемиямен күресте Қытай елі 2020  жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның  610 миллион дозасын, ал келесі жылы бір миллиард ине шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік денсаулық сақтау комиссиясының Медицина ғылымы мен технологиясын дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы уақытта жергілікті халыққа бұл вакцинация кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Ал, Ұлыбритания әлемнің барлық елдері үшін тиімді, әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін қол жетімді Covax деп аталатын коронавирусқа қарсы вакцина шығармақ. Ол үшін билік бюджеттен 500 миллион фунт стерлинг бөлетін болды. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты Лондонда карантин талаптары күшейтілді.  Көпшілік жерлерде топтасып жиналуға, тіпті, үйдің ауласында шағын топ болып, кездесуге де тыйым салынған. Бұл шектеулерді тым қатаң деп таныған ағылшындар болса, жаппай наразылық акицияларын өткізуде.  Жалпы, Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше қазіргі уақытта әлемде  1 миллион 555 адам COVID-19 індетінің құрбаны болып, вирусты жұқтырғандар саны 33 миллионнан асқан. 23 миллион адам аурудан айығып шықты.

Bólisý

‡агрузка...

Oqı otyryńyz

576
20.10.2020
467
20.10.2020
951
20.10.2020
493
20.10.2020
Прямой эфир
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!