Бұл қысқа метражды фильм өзінің отбасында еркелеп өскен жалғыз қыз Айғаным жайлы. Ата-анасы қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қалағанын алып беріп, еш қиындық көрсетпей мәпелеп өсіреді. Айғаным кішкентайынан биге қызығатын. Есейген соң биші мамандығын таңдап, Хореографиялық училищеге оқуға түседі. Бір күндері Саян есімді жігітпен танысып, бұлар кездесе бастайды. Біраз араласқаннан кейін жігіті отбасын құру жайлы әңгіме қозғалады. Бір күні Айғанымның туған күні болады, әдетте туған күнін тусытарымен атап өтіп, Саян екеуі келесі күні бірге өткізуге келісетін, бірақ Саян Айғанымға телефон шалып сыртқа шығуын өтініп, оған тосын сый жасап, тұрмысқа шығуын өтінеді қыз бірден келісе кетеді. Алайда, қыздың ата-анасы тұрмысқа ерте жас қыршындай шығатынына қарсылық білдіреді, ақыр соңында екеуі отбасын құрады. Сол кезден бастап Айғанымның өмірінің тәтті сәттерінен көрі ащы тұстары көбие бастайды. Оқиғаның жалғасын мына сілтемеден көріңіздер. Жұмбақ тағдыр (Оқиғаның толық нұсқасы)
Прямой эфир