|
21.09.2020 | 16:35
1738

Америкалық музыканттар «Айттым сәлем, қаламқас» атты шығармасын орындады

Тэннеси штаты Нэшвилл қаласының «Humming House» тобы танымал әуенді керемет келтірген

You Tube

Америкалық музыканттар Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның «Айттым сәлем, қаламқас» атты шығармасын орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тэннеси штаты Нэшвилл қаласының «Humming House» тобы танымал әуенді керемет келтірген. Айта кету керек, бұл топ 2018 жылы Абай атамыздың атақты «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін ақынның кіндік қаны тамған жерде, Семей қаласында студенттермен бірге шырқаған болатын. Ол кезде концерт «Шетелдегі американдық музыка» бағдарламасы аясында өткізілген еді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир