Алматылық жасөспірімдер еркін күрестен халықаралық чемпионатта топ жарды

Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен шара 2 күнге созылып, жарыс жеңімпаздары анықталды

Almaty.tv

Алматылық спортшылар еркін күрестен жасөспірімдер арасында өткен халықаралық чемпионатта топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен арнайы жас балуандар келіп, боз кілемде бақ сынады. Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен шара 2 күнге созылып, жарыс жеңімпаздары анықталды.

Өткен демалыста 450-ге жуық жас балуан 16 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шығып, өзара мықтыларды анықтады. Алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысының спортшысы Ернұр Еренсіз барлық қарсыласынан айласын асырып, 52 келі салмақта топ жарды.

«Қарсыластар жақсы дайындалған. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бірнеше республикалық турнирге қатысып, жүлдегер атанып жүрдім. Ендігі мақсатым – Қазақстан чемпионатын ұтып, жоғары ареналарда күресу», – дейді жарыс жеңімпазы Ернұр Еренсіз.

Командалық есепте Алматы қаласының спортшылары бірінші орын алса, Алматы облысы екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштіктен Түркістан облысының жас балуандары көрінді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта көзге түскен еркін күрес шеберлері Қазақстан чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Әрі қарай Ұлттық құрамаға шақырту алмақ.

«Осы жарысты Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен өзіміздің жаттықтырушымыз Шәкіров Қобыланды Әлімханұлының 75 жасына арнап ұйымдастырдық», – деді ұйымдастырушы Бекзат Қайрулдаев.

«Белдесулер өте тартысты, жақсы өтіп жатыр. Әр салмақтың өз мықтыларын ақтық бәсекеде анықтаймыз. Жалпы жарыстың деңгейі жоғары өтіп жатыр», – деді халықаралық дәрежедегі төреші Талғат Керімбаев.

Одан бөлек, ұйымдастырушылар мұндай турнирді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир