|
15.05.2020 | 18:33
2442

Ұлы Жеңіске 75 жыл: «Алатау» жарық компаниясы cоғыс ардагерін құттықтады

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер Қамбар Сәрсенов 96 жаста

almaty.tv

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер Қамбар Сәрсеновты «Алатау» жарық компаниясы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қамбар Әмірұлы 1942 жылы 18 жасында Орал әскери округінің 3-жеке құрамында мергендік мектепті бітіреді. Кейіннен 119-атқыштар полкінің құрамына қабылданып, Беларусь майданына аттанған. Ерен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «Даңқ» және «Отан» 2-дәрежелі орденін алған. Соғыстан елге оралғаннан кейін, Қамбар Сәрсенов қаладағы «Алатау» жарық компаниясында 18 жыл еңбек етіпті.

«Ұжымға кісілердің өмірі ұзақ болсын, менің жасыма келсін. Істеп жүрген қызметтері жемісті болсын», – деді Ұлы отан соғысының ардагері  Қамбар СӘРСЕНОВ.

«Қамбар Әмірұлы -энергетика саласында 18 жыл еңбек етті.  Ағамыз, жеріміз еліміз, ұрпағымыз деп, соғысқа қатысып, батыр деген атаққа ие болды», – деді «Алатау жарық» АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир