Алматыдағы эпидахуал: 28 наурызда Б. Сағынтаев қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді

«Akimat LIVE» бағдарламасын «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көріңіз

28 наурызда сағат 19:00-де мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласын «қызыл» аймақтан шығару бойынша қабылданған шаралар, британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штаммының қаупі, қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі жөнінде айтады. Тікелей эфирде алматылықтардың өзге де  сұрақтарына жауап береді.

Өз сұрағыңызды +7 (777) -046-33-33 WhatsApp нөміріне жібере аласыз немесе +7 (727) - 275-01-02, +7 (727) -275-22 -16 телефон нөмірлері арқылы тікелей эфирде сұрақ қоя аласыз. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға пікіріңізді қалдыра аласыз.

Тікелей эфирді «Алматы» телеарнасының Almaty.tv сайтынан және әлеуметтік желілердегі – YouTubeFacebook-тегі ресми парақшаларынан көріңіз.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир