|
07.12.2018 | 20:32
6264

Жоғарғы сот судьялары азаматтарды күнделікті қабылдайтын болды

Жоғарғы сот азаматтарды қабылдаудың жаңа тәртібіне көшті.

Бүгіннен бастап ведомство қызметкерлері көкейінде сұрағы бар азаматтарды күнделікті қабылдайтын болады. Тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, кеңес беретіндердің ішінде сот алқаларының төрағалары, департамент басшылары мен судьялар бар. Ал Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов енді азаматтарды бұрынғыдай тоқсанына бір рет қана емес, ай сайын қабылдайды.

«Жоғарғы соттың төрағасы айына бір мәрте, Жоғарғы соттың алқа төрағалары, департамент басшысы және сот жюриі мен соттар әдебі жөніндегі комиссиясының төрғалары бір мәртеден қабылдайды. Төрағаның өз хатшылығы, яғни кеңесшілері, меңгерушілер бар, олар апта сайын қабылдайды. Ал судьялар өз еркі бойынша күнделікті қабылдайды», – деді ҚР Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету бойынша департамент басшысы Нұрсерік ШӘРІПОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир