|
12.07.2018 | 13:20
1109

Әлем чемпионатына бара жатқан қазақстандық блогер туыстарымен бірге қаза тапты

Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатына бара жатқан қазақстандық блогер әкесімен және ағасымен бірге жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ura.ru сайтына сілтеме жасап.

6 шілде күні Челябі облысының Сим қаласына жақын маңда болған жол апатынан мерт болғандардың жеке бастары анықталды. Көлік апаты «Мәскеу-Челябі М5» федералды трассасының 1592-ші шақырымында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жана бастаған.

Оқиға орнына Челябі облысы бойынша өртке қарсы федералды қызметінің 10-шы жасағының бөлімшесі аттандырылған. Лаулаған машина сөндірілгеннен кейін оның ішінен үш адамның мәйіті табылды.

Бүгін анықталғандай, көлікте әлеуметтік желіде Stence лақап атымен танымал қазақстандық блогер Сұңқар Килаж болған. Онымен бірге әкесі және туысқан ағасы қаза болды. Сұңқар олармен бірге Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатын тамашалауға бара жатқан.

Сұңқар Килаж Stence Show YouTube-каналында компьютерлік және онлайн-ойындарға видеошолулар жариялап отырған. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде Stence page әзіл-сықақ паблигін жүргізген.

ВКонтакте әлеуметтік желісінде блогердің қазасына орай топ ашылған. Онда жерлеу рәсімі 9 шілде күні Петропавлда өтетіні жазылған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир