|
12.01.2018 | 11:16
1791

Алматыда алдағы үш күнде қалың қар жауып, көктайғақ болады

Алдағы үш күнде Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады. Қалың қар, тіпті апта соңына дейін жалғасуы мүмкін. Алайда синоптиктер қыстың екінші жартысы қатты болмайды деген пікірде. Күн райы туралы кеңірек "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосовамен тікелей байланысқа шығып көрсек.

- Қайырлы кеш! Алматыда алдағы күндері қандай ауа райы күтілуде? Қар қалыңдығы қанша болады?

- Кеш жарық, Сая! Республиканың ауа райына кең ауқымды, төменгі қысым аймағы, циклон өзінің ықпалын тигізуде. Соған байланысты Алматы және Алматы облысы бойынша атмосфералық фронттар өтуде. Соның әсерінен Алматы қаласында алдағы үш тәулікте әлі де кей уақыттарда әлі қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Ауаның температурасы түнде 5, 10 градус аяз шамасында болса, күндіз 1, 6 градус аяз болады. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша қардың қалыңдығы кешегі мәліметтерге қарағанда 6 см болған. Ал бүгін таңертеңнен бастап қар жауғанға байланысты ақ ұлпа қалыңдығы ұлғаюда.  

Таулы аймаққа барғысы келетін туристерге ақпарат бере кетсек.  Жоғары жақтағы қардың қалыңдығы мен ауа қысымы қалай болмақ?

- Таулы аймақтарда да осы алдағы үш-төрт тәулікте қардың жаууы сақталады. Тауда қардың жамылғысы кешегі мәлімет бойынша Мыңжылқы стансасында - 18, Шымбұлақта - 42 см, ал Үлкен Алматы метеостанциясында 38 см-ді құрайды. Жауып жатқан қарға байланысты таулы аймақтарда да қар жамылғысының ұлғаюы күтіледі. Ауа температурасы тауда түнде 13, 18 градус аяз болса, күндіз 7, 12 градус шамасында болмақ.

Ақпаратыңыз үшін рахмет! 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир