|
26.04.2018 | 19:46
2945

Алматыда жас ғалым-педагогтар қауымдастығы құрылды

Алматыда еліміздің жас ғалым-педагогтарының басын қосатын қауымдастық құрылды. Бұл жоба Елбасының кезекті жолдауы негізінде жүзеге асқан. Қауымдастықтың басты мақсаты - жаңаша тұрғыдан ойлайтын жастардың басын біріктіріп, еліміздің білім саласын одан ары дамыту. Тіпті, болашақта шетелдік жоғарғы оқу орындарымен бірігіп, қауымдастық деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру жоспарда бар. Мүшелікке жасы 35-ке дейінгі мұғалімдер тіркеле алады.

«Еліміздегі жас ғалымдардың білім саласындағы өзіндік ғылыми ізденістерін ортаға салып, диалог алаңын құру. Және осы слетта жас ғалымдарды басын біріктіру. Жас ғалымдардың қауымдастығын құрамыз деп отырмыз. Осы слет негізінде біз ережесін және жарғысын талқылаймыз», - деді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир