|
22.08.2017 | 11:49
988

Елордада кәсіпқой бокс кеші өтеді

Елордада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Шаршы алаңда Фируза Шарипова болғариялық спортшымен қос бірдей чемпиондық белбеу үшін жұдырықтаспақ. Жарыс «Экспо» қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін талай былғары қолғап шеберлерін тізе бүктірген отандасымыз WIBA және WBU нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үмітті.

Тілшілер қауымымен кездескен Фируза Шарипова сөзін осылай бастады. Бірақ қобалжудың бар екенін жасырған жоқ. Себеп бар. Өйткені жарыста бір емес 2 чемпиондық белбеу тігілген.

«Мен өз Отаным - Қазақстанға ұшып келдім. Көңіл-күйім керемет. 26 тамызда өтетін додаға дайынмын. Алда  WIBA және WBU титулдық атағы үшін барымды саламын. Қарсыласым да осал емес. Чемпиондық атаққа өз жерімде таласып жатқаным мен үшін үлкен мәртебе», - деді кәсіпқой боксшы Фируза ШАРИПОВА.

22 жастағы Фируза бокс әлемінде өз атын шығарап үлгерген спортшы. Қазақстан мен Азия ойындарының жеңімпазы. Ендігі кезек әлемдік аренаны бағындыру. Қазірдің өзінде былғары қолғап шебері мен қарсылас болуға көбісінің жүректері дауаламайтын көрінеді.  

«Қазақстанда Фирузаның қарсыласы Ева Вальстрем болатын. Оған жақсы ұсыныс келіп түсті. Бірақ Фирузаның шайқастарын бақылап, Қазақстанға келуден бас тартты. Ол Фирузамен түбі жолығады», - деді Фируза Шарипованың менеджері Сергей ЗАВИЛЕЙСКИЙ.

«Мен осы жолды өзім таңдадым. Бұл менің жолым. Алға қойған мақсаттарыма жеткім келеді. Оңай болмасы анық. Геннадий Головкин секілді, Қазақстанның атын шығару арманым. Әрине, кәсіпқой боксшы қыз ретінде», - деді кәсіпқой боксшы Фируза ШАРИПОВА.

Бір жетіден соң боксшы қыз кезекті туған күнін атап өтеді. Милена Колеваны жеңсем, ең жақсы сыйлық сол болар еді, дейді.

Азамат Әуезхан, Олжасбек Мәден, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир