|
22.08.2017 | 12:04
1114

Таразда достарын пышақтап тастаған мас полицей ұсталды

Таразда достарын пышақтап тастаған мас полицей ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қазір Жамбыл облысының полицейлері облыстық Ішкі істер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы Үмбеталиевті тергеуде. Тіпті оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Қанды оқиға 10 тамызда түнгі уақытта қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Ішімдікке сылқия тойып алған тәртіп сақшысы Үмбетәлиев бір дастархан басында отырған жолдастарымен керісіп, ұрыс соңы төбелеске ұласқан. Кейін ол таныстарына пышақ сілтейді. Салдарынан 1 адам жараланып, ауруханаға жеткізіліпті.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир