|
22.08.2017 | 12:01
1237

«Технам 2002» ұшағы апатының себебі анықталды

10 тамызда апатқа ұшыраған «Технам 2002» ұшағының құлауына ауа ағыны себеп болған. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, құрылған комиссия  апаттың себебін ең аз мерзім ішінде анықтаған.

"Бізде Азаматтық авиация академиясы пайдаланып жүрген аэродромның орналасуына қатысты сұрақтар туындап отыр. Өйткені тексеру шараларының нәтижесінде аталған ауа ағындары үнемі қайталанып тұратындығы анықталды", деді министр.

Алматы маңында жеңіл, бір  моторлы ұшақтың құлауынан  ұшқыш пен курсант қаза тапқан еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, таңғы сағат 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде  ұшып шыққан «Технам 2002» әуе кемесі Азем айлағынан 2 шақырым қашықтыққа құлаған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир