|
10.05.2021 | 00:07
1994

Алматыда Жеңіс күні қарсаңында 50-ге жуық отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

Қайырылымдық шарасына «Жұлдызды отбасы» қоры мен қала әкімдігі мұрындық болған

Жеңіс күні қарсаңында «Іскер отбасы» орталығы Алматы қаласындағы жалғыз басты аналар, зейнеткерлер мен ардагерлерге, мұқтаж отбасылар мен қиын жағдайға тап болған 50-ге жуық отбасыға азық-түлік себетін таратты. Қайырылымдық шарасына «Жұлдызды отбасы» қоры мен қала әкімдігі мұрындық болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мұқтаж адамдарды көріп осындай қайырымдылық қорын ашуға бел будым. Қазір қайырымдылық қорды зейнеткерлер бар, көпбалалы аналар бар жалғыз басты аналар бар, аз қамтылған отбасылар бар, көмек, қол үшін беруді әкімдік арқылы, белсенді ұзақ өмір орталығы арқылы тізімдерді жинап, бүгінгі осы іс-шараны ашып жатқан себебім бар», – деді  «Жұлдызды отбасы» қайырымдылық қорының жетекшесі Жансая Жанбекова.

Сондай-ақ, «Іскер отбасы» орталығында қиын жағдайға тап болған аналарды жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған. Олар сұлулық салоны, білім беру орталығы мен аспаздық цехы секілді түрлі мекемелерде жұмыс істей алады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир