|
09.05.2022 | 18:49
1575

Жеңіс күні: Түрксіб ауданы тұрғындары ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ауданда 8 ардагері мен 1200-ге жуық тыл еңбеккері тұрады

Жеңіс күні – бұл тұтас ел үшін ортақ мереке. Бүгінде Алматының Түрксіб ауданында Ұлы Отан соғысының 8 ардагері мен 1200-ге жуық тыл еңбеккері тұрады. Олардың құрметіне бүгін концерт ұйымдастырылып, қойылым қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Еліміздің көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалып тұрғанда мұндай мерекенің болуы біз үшін үлкен қуаныш. Еліме тыныштық, халқыма байлық, денсаулық тілеймін. Бірлігіміз бен тірлігіміз жараса берсін. Отанымыз одан күшті әрі қарай дами берсін», – деді еңбек және тыл ардагері Төлеген Әбдікерімұлы

«Құрметті алматылықтар және қонақтар бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын! Алға қойған мақсатыңыз орындала берсін», – деді еңбек және тыл ардагері Жаханша Ахметов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир