|
28.04.2020 | 20:37
2441

Елордада мереке қарсаңында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге беріледі

Бұдан бөлек, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне де беріледі

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Елордада соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем аудару басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы ардагерлерге 1 млн теңге көлеміндегі бір реттік төлем беру басталды. Айта кету керек, бүгінде шаһарда соғысқа қатысқан 44 ардагер бар. Бұдан бөлек, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне де беріледі», – деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр МӘКЕН.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир