Алматыда Ботаникалық бақ реконструкциядан кейін қайта ашылады

Қайта өңдеуге 15 млн доллар қаражат жұмсалды

Almaty.tv

Алматыда Ботаникалық бақ реконструкциядан кейін қайта ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаның мақсаты – бақтың тұтастығы мен ерекшелігін сақтай отырып, инфрақұрылымын жаңартып, қалпына келтіру. Қайта өңдеуге 15 млн доллар қаражат жұмсалды. Соның аясында баққа 174 мың жаңа өсімдік, 1300-ден астам сирек кездесетін ағаш түрі мен 3 мың раушан отырғызылған. Одан бөлек, аталған аумақтың жолы да жаңартылып отыр.

«Бүгін реконструкциядан кейін іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Келушілер жайлылықты сезініп, шетелде жүргендей әсер алады екен. Жылы лебіз бізді қуантады», – деді Ботаника және фитоинтродукция институты директорының орынбасары Баян Каспенбетова

Алматының негізгі көрікті орындарының бірі саналатын ботаникалық баққа бүгінге дейін миллион адам келген. Мамандар келген қонақ есебін жүргізетін жабдықтың көмегімен анықтады. Ол – Алматы қаласының тұрғыны Ангелина Блинова.

«Алғаш келгенде түрлі –түспен көмкерілген бақтың тыныштығынан ләззәт алдым. Аққулар мен балықтарға мекен болған көлшік ұнады. Сонымен қоса, ағаштың көп түрін кездестіруге болады. Олар  бақтың көркін аша түседі», – деді А. Блинованың жұбайы Владислав Блинов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир