Алматының екі ауданында суық су болмайды

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді

Фото: ашық дереккөзден

Наурызбай және Медеу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимарат суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. «4 наурыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Наурызбай ауданына қарасты «Шұғыла» мен Жайлау көшесінің бойында орналасқан № 2/19, 2/36, 2/39 тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. 

Сонымен қатар, 5 наурыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Медеу ауданындағы Тәттібекова – Б.Бейімбет – Тюленина – Желмая (Казачка өзені) көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады», деп хабарлайды «Алматы су». Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді. Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады. 

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир