Әуезов ауданында «Дарынды бала» байқауы өтті

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр

Almaty.tv

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Әуезов ауданында да қарқынды жүріп жатыр. Балалардың көңілін көтеру мақсатында бүгін «Дарынды бала» байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үздік өнер көрсеткендер түрлі номинация бойынша және «Jan Ana» қорының алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара «Jan Ana» қоғамдық қорының мұрындық болуымен өтті.

«2022 жылы «Балалар жылы» және де мектепке бару уақыты жақындап қалды. Көпбалалы аз қамтылған отбасы балаларына сыйлығымызды бердік. Жетім балаларға кішігірім көңіл-күй, шабыт сыйлап, осындай іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз», – деді «Jan ana» қоғамдық қорының жетекшісі Аягөз Ирсымбетова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир