|
28.07.2022 | 10:36
1615

Қызылорда облысындағы су тапшылығының себебі белгілі болды

Облыста егіс алқаптарындағы су тапшылығының басты себебі – биік жерлерге егін егу

ашық деректен

Биыл Сырдария өзеніндегі су тапшылығыныңалдын алу мақсатында 20 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі таңда облысқа қарасты елдімекендерге 61 насос қондырғысы жеткізілді. Сондай-ақ 26 ұңғыманың бұрғылануы мен 14 каналды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев мәлімдеді.

 "Соңғы жылдарда Сырдария өзеніндегі су ағынының азаюы өңірдің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Соның салдарынан көлдер құрғап, күріш егісі азайып, табиғи мал азығы төмендейді. Осыған байланысты биыл жалпы ұзындығы 1034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 насос қондырғы сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 гидротехникалық құрылысты жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. Қазіргі кезде 7 канал толық тазаланды", - деді басқарма басшысы М. Құрманбаев.

Қазіргі уақытта Шардара су қоймасына секундына 83 текше метр су түсіп жатыр. Ал Шардара өзенінің төменгі ағысына 550 текше метр су тасталуда.

Қызылорда облысы шекарасынан Көктөбе су бекеті арқылы секундына 551 текше метр су өтеді.

 "Қазіргі жинақталған су көлеміне байланысты есептеу жүргізілді. Былтыр Сырдария өзенінде судың аз болуы ауыл шаруашылығы мен жеке шаруаларға кері әсерін тигізді. Сол себепті су тапшылығының алдын алу мақсатында Шардарада 500 млн текше метр су артығымен жиналды", - дейді Арал-Сырдария инспекциясының бөлім басшысы С. Абуов.

"Облыста егіс алқаптарындағы су тапшылығының басты себебі – биік жерлерге егін егу. Бұлай жасау егіс көлемінің азаюына әкеледі. Бүгінде жіберілген су Қызылорда су торабына келіп, бірінші кезекте су тапшылығы басым Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарына жіберілді", - деді Қазсушар РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ж. Ерназаров.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир