|
26.04.2022 | 13:24
660

2025 жылға қарай елімізде 22 алма бағы салынады

2021 жылы алма импортының үлесі 99,4 мың тонна болды

2025 жылға қарай елімізде 22 алма бағы салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2021 жылы алма импортының үлесі 99,4 мың тонна болды. Ал өзіміздің өнімнен 262,8 мың тонна жиналды. Импортты толық алмастыру 2025 жылға қарай 8,2 мың гектар алаңда 22 бақша салу есебінен жоспарланып отыр», – деді министр.

Оның дерегінше, 2021 жылы шұжық өнімдері импортының үлесі 47 мың тоннаны, жергілікті өндіріс 60,7 мың тоннаны құрады.

«2025 жылдың соңына дейін ет өңдеу бойынша 24 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде жалпы өндірістік қуаты 87,4 мың тонна шұжық өнімдерін шығаратын 4 ірі кәсіпорынды іске қосу көзделген»,– деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир