|
15.09.2022 | 15:20
747

Алматы облысында маралдар фототұзаққа ілікті

Бұған дейін «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған болатын

instagram.com/qazfwc

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде екі марал фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ерекше әдемі жануар тұяқтылардың ішіндегі ірісі болып табылады-салмағы 300 келіден асуы мүмкін. Ересек дарақтардың мүйізінің ұзындығы 120 сантиметр, салмағы 12 келіге дейін жетеді», - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан хабарламада.

2021 жылғы санақ бойынша «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркіндегі маралдың саны 1700 бас болған, биыл санақ қазан айында жүргізіледі.

Бұған дейін «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Сібір тау ешкісі ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир